Қостанай облысында коронавирус жұқтырған ерлі-зайыпты Мысырдан келген

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырған ерлі-зайыпты Мысырдан келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысының ақпараттық штабына сілтеме жасап.

Коронавирус Тобыл қаласындағы карантиндік госпитальде жатқан 1990 және 2000 жылғы ерлі-зайыптыдан анықталды. Олар – Қостанай қаласының тұрғындары.

«Бұл азаматтар бұрын ауырған науқаспен байланыста болған және Шарм-эль-Шейхтен (Мысыр) Алматы қаласына келген. Алматы қаласында алдын ала алынған талдаулар теріс нәтиже көрсеткен. Осыған байланысты олар тұрғылықты жері Қостанай облысына жол жүрген. Қазір ерлі-зайыптылармен бірге болған вагондағы 12 адам карантиндік госпитальға жатқызылды», – делінген штаб ақпаратында.

Дәрігерлердің мәліметінше, қазіргі уақытта науқастар қанағаттанарлық жағдайда.

Қостанай облысының ақпараттық штабы тұрғындарды аурудың алдын алу шараларын сақтауға шақырып, үйден шықпауға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар