USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қостанай облысында көпбейінді аурухана салынады

2021 жылғы 17 ақпан 15:55
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында көпбейінді аурухана салынады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 400 орынды көпбейінді аурухана құрылысы басталады. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов халыққа есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылы Қостанай облысының денсаулық сақтау саласын дамытуға 85 млрд теңге бағытталды. Бұл қаржының 3,8 млрд теңгесіне 16 нысанға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Медициналық жабдықтар мен санитарлық автокөліктерді сатып алуға жергілікті бюджеттен 6,6 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.

«Барлығы 161 санитарлық автокөлік, 50 реанимобиль, 181 өкпені жасанды желдету аппараты және 17 цифрлық рентген жүйесі, 5 компьютер томографиясы, 23 ультрадыбыстық зерттеу сатып алынды. Облыстың 4 ірі медициналық ұйымында орталықтандырылған оттегі желісі жүргізілді. Жоғары ағынды оксигенация аппараттары сатып алынды. Қазір ауруханаларда 712 оттегі концентраторы бар. КВИ-ге қарсы іс-қимыл аясында жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен жабдықталған 200 кереуеттік инфекциялық орталық салынып, жұмысын бастады», - деді өңір басшысы.

Архимед Мұхамбетов айтқандай, Арқалық қаласында ПЦР тест алу зертханасы іске қосылды.

2021 жылы Қостанай қаласында 400 орынды көпбейінді аурухана құрылысын басталады. Мұнда кардио және тамыр хирургиясы, инсульт орталығы, травматология, неврология, онкология, ортопедия бөлімшелері орналасалды. Сонымен қатар 19 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT