+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Қостанай облысында көпбалалы отбасыларға 72 пәтер беріледі – әкімдік

2021 жылғы 19 қаңтар 22:16
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында көпбалалы отбасыларға 72 пәтер беріледі – әкімдік

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдегі тұрғын үй саясатын іске асыру барысы туралы кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Тараздық 135 отбасы қоныс тойын тойлады «Шаңырақ» бағдарламасы аясында қайталама нарықтан баспана сатып алуға бола ма – Үкімет жауабы Баспанаға мұқтаж отбасыларға пәтер жалдау ақысы 80 пайызға дейін субсидияланбақ

Архимед Мұхамбетов тиісті басқарма басшылары мен аудан-қала әкімдеріне 2021 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткішін 10%-ға арттыру міндетін қойды.

2020 жылмен салыстырғанда биыл 417,2 мың шаршы метр тұрғын үй салынады.

«Осы жылдың бірінші тоқсанында 93,5 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер үлесі – 64,7 мың шаршы метр», — деді облыс әкімі.

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға бюджеттен 20,4 млрд теңге бөлінген.

Осы қаражаттың 10,1 млрд теңгесі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға жұмсалса, 7,1 млрд теңге 33 несиелік үй құрылысына бағытталып отыр.

2,3 млрд теңге халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал саналатын санаты үшін жалдамалы пәтер жобаларын жүзеге асыруға бағытталмақ.

Ал көпбалалы отбасыларға 72 пәтер сатып алуға 900 млн теңге қарастырылды.

Архимед Мұхамбетов Қостанай, Рудный қалалары және Қостанай ауданы әкімдерінің баяндамасын тыңдалды.

Сондай-ақ «Отбасы банк» филиалының өкілі де облыс аумағында несиелік тұрғын үй сату мәселесі бойынша мәлімет берді.

Жиын қорытындысында облыс әкімі тұрғын үй құрылысының қарқынын төмендетпеуді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу тұрғысындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Бұған қоса құрылысы былтыр басталған нысандарды сапалы әрі мерзімінде аяқтауды жүктеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT