Қостанай облысында коммуналдық желілер мәселесін жүйелі түрде шешу қажет болып тұр - Н. Сәдуақасов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов өңірдегі коммуналдық желілердің жағдайы туралы айтып берді.

«Бірінші кезектегі проблемаларға ұзаққа созылатын жылу беру маусымы аясында коммуналдық қызметтерге жоғары тарифтерді және желілердің ескіруін жатқызар едім. Жылу, газ, электр энергиясының тарифтері орташа республикалық көрсеткіштен бір жарым есеге артық»,- деді облыс әкімі.

Оның сөзіне қарағанда, коммуналдық кәсіпорындар инвестициялық қаржыларды тиісті көлемде бөлмеген. Желілер 60-80 пайызға тозғанына тоқталған өңір басшысы, осы орайда коммуналдық мекемелер тек ағымдағы жөндеу жұмыстарын ғана жүргізуге қауқарлы.

Белгілі болғандай, өңірде желілерді қайта жасау бюджеттік және инвестициялық жобаларда ғана жүргізіледі.

Мәселен, Қостанай облысында 2013 жылы шағын апаттар 500-ге жеткен, яғни тәулігіне 1-2 апаттан болып отырған.

«Әрине, бұл апаттар дер кезінде жойылып отырды. Бұл проблеманы жүйелі түрде шешіп, энергия тасымалдаушылардың нарығында бағаларды теңестіру қажет», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар