Қостанай облысында көлік жылу трассасына соғылып, жүргізуші мерт болды

Редактор:  
Айдар Оспаналиев

Қостанай облысында көлік жылу трассасына соғылып, жүргізуші мерт болды Фото: t.me/POLICE_of_KZ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 наурыз сағат 14:49-да Арқалық қаласында ВАЗ автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Ш.Жәнібек көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай жылу трассасына соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты салдарынан жүргізуші қайтыс болды.

Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр.





Серіктестер жаңалықтары