Қостанай облысында көлік пен жылқы соқтығысып, екі адам қаза тапты

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Полицейлер «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолында болған жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түнгі сағат бір шамасында «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолының 134-ші шақырымында жол апаты болып, екі адам қаза тапты. Тағы төрт адам әртүрлі дәрежеде дене жарақатын алды. Шетелдік көлік жүргізушісі жылқыны соқты. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады полициядан.

Жылқының иесі ҚР Әкімшілік құқықбұзу кодексінің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшылары күре жолда жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.

«Жүргізушілерге тағы да үндеу жолдаймыз: жолда абайлап жүріп, қырағы болыңыз, жол ережесін сақтаңыз, адамдардың өмірі соған байланысты», - деп атап өтті Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі кезде облыстың тасжолдарында патрульдеу күшейтілді.



Соңғы жаңалықтар