+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Қостанай облысында қоғамдық көліктердің жұмысы уақытша тоқтатылады

2020 жылғы 19 қараша 11:10
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында қоғамдық көліктердің жұмысы уақытша тоқтатылады

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында алдағы демалыс күндері қоғамдық көліктер жүрмейді. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
23 қаңтардан бастап Қарағанды облысында карантин шектеуі күшейтіледі Ақтөбеде карантин талабын сақтамағандарға 177 млн теңге айыппұл салынды Жаңа қаулы: Елордалық сауда орталықтары қалай жұмыс істейді

Архимед Мұхамбетов бүгін коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Жиында мониторингтік топтардың жұмысы қарастырылды. Қазір өңірде ведомствоаралық комиссияның тапсырмасына сәйкес мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілген.


«Қазіргі уақытта 860 рейд жүргізіліп, 4757 нысан тексерілді, оның барысында 825 заңбұзушылық анықталып, материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санэпидбақылау органдарына жолданды.

Енгізілген шектеулерге қарамастан, облыс тұрғындары әлі де жаппай отбасылық іс-шаралар өткізуде, ал бизнес өкілдері санитарлық нормаларды бұзып келеді. Сондықтан карантин талаптарын бұзғандарды міндетті түрде бейнежазбаға түсіріп, мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді тапсырдым.Азаматтарды КВИ таралуына жол бермеу бойынша барлық ұсынылған шараларды сақтауға шақырамын», деп жазды Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында.


Сондай-ақ, алдағы демалыс күндері облыста қосымша шектеулер қабылданады. Атап айтқанда, қоғамдық көлік жұмыс істемейді және ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес сауда объектілерінің жұмысына уақытша тыйым салынды. Бұған дейін жұмыс істеп келген автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектерін сататын дүкендер де жұмысын тоқтатады. Сондай-ақ моншалар мен сауналардың жұмысы шектеліп, қоғамдық тамақтану объектілері тек алып кету және жеткізу үшін жұмыс істейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT