Қостанай облысында қоғамдық көлік жолақысын төлеудің жаңа тарифі енгізіледі

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат — Осы жылдың 9 ақпанынан бастап өңірде қоғамдық көлікке ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй шаруашылығы бөлімі мамандары мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағдар автобусы жолақысының дифференцияланған жаңа тарифі қолданысқа енеді. Бұған дейін қоғам белсенділері арасында талқыланған мәселеге нүкте қойылды. Қостанай қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Наурызбай Мусин айтқандай, қоғамдық көліктерде жолақы электронды түрде қабылданады.

«Жол ақысын қолма-қол төлеу құны бұрынғыдай 80 теңге емес, 150 теңге болады. Бұл жолаушыларды толығымен карта арқылы төлеу жүйесіне көшіру үшін жасалып отыр. Жол құнын электронды төлеу үшін «Alem Pay» компаниясының арнайы картасы немесе кез келген банк картасы керек»,- деді ол.

Қазір облыс орталығында оқушылар мен зейнеткерлер толықтай көлік картасымен қамтылмаған. Сондықтан олар 1 сәуірге дейін жол ақысын қолма-қол төлейді. 7 мен 15 жас аралығындағы оқушылар үшін жол құны 40, зейнеткерлер үшін 70 теңге бодып бекітілді.

«Қостанай қаласында қазірге дейін 31 мың төлем картасы сатылып, оның тек 13 мыңы ғана іске қосылған. Демек басым бөлігі пайдаланылмай келеді. Қостанайға қосымша 10 мың автобус картасы әкелінді. Бүгінде олар барлық ірі сауда орталықтарында құны 290 теңгеден сатылып жатыр», - деді Н.Мусин.

Соңғы жаңалықтар