Қостанай облысында келін түсіріп, қыз ұзатқандарға айыппұл салынды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында карантин кезінде демалыс күндері мобильді топтар рейд жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 шілде мен 2 тамызы аралығында 2 153 нысанды тексерілген. Оның ішінде 147 объект санитарлық-дезинфекциялық режимді бұзған. Оларға 7 195 020 теңге сомасына 147 айыппұл салынды, 1 іс сотқа жіберілді.
«Департаменттің және аумақтық басқармалардың мамандары дәріханаларға да мониторинг жүргізеді. 128 нысан тексеріліп, 26 дәріхана заң бұзғаны анықталды. 4 382 295 теңге болатын 26 айыппұл салынды. 95 азық-түлік дүкені, 5 жанармай стансасы, 2 шаштараз, 2 тұрмыстық техника дүкені, 3 қоғамдық көлік, 3 шина жөндеу пункті, 1 асхана, 3 кафе, 3 авто және а/ш қосалқы бөлшектері дүкені,1 ТҚС карантин талаптарын сақтамаған. Жітіқара ауданында карантин белгіленген уақыттан бері «Гүлдер» дүкенінің жұмыс істегені анықталды», делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар Ә.Жангелдин ауданында үш ауылдық округте қыз ұзату, беташар рәсімдері өткізілген. Жеке тұлғаларға 41 600 мөлшерінде айыппұл салынды. Мониторинг жұмыстары жалғастырылуда.
- Қостанай облысында 3 автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
- Архимед Мұхамбетов жергілікті театр әртістерімен кездесті
- Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды
- Қаулы жаңартылды: Нұр-Сұлтан қаласында жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді
-
Елордада жаңа Қаулы: Демалыс күндері ойын-сауық орталықтары істемейді
-
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам