Қостанай облысында қатты желден баланың үстіне ағаш құлады

None
Фото: Мольдир Альмагамбетова
АСТАНА.ҚазАқпарат – Оқиға 11 маусым күні, Қостанай облысындағы саябақта болды. Аяқ астынан жел тұрып, 13 жастағы баланың үстіне ағаш құлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Аlau.kz-ке сілтеме жасап.

«Балалар алаңда ойнап жүрген. Кенет жел тұрып, басқа балалар тұра жүгіргенде, менің ұлым қашып үлгермеді. Оның үстіне ағаш құлап, есінен танып қалды. Маңайда жүрген үлкендер жедел жәрдем шақырды. Ұлымның басы жеңіл жарақаттанған»,- дейді баланың анасы.


Соңғы жаңалықтар