Қостанай облысында кәсіпорын директоры 10 млн теңге пара беру күдігіне ілікті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мердігер компанияның директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысына қаланы газдандыру бойынша жұмыстарға мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасағаны үшін 10,5 миллион теңге көлемінде пара берген деп күдікке ілінді», - делінген таратылған хабарламада.

Кінәні мойындауына байланысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылған жоқ.

Бұған дейін Рудный қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысына пара алды және бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.

Күдіктілерге қатысты кінәсінің дәрежесіне қарай соңғы шешімді сот шығарады.


Соңғы жаңалықтар