Қостанай облысында кәсіпкерлердің бірыңғай базасы құрылады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді. Жиында алдағы жылға жоспарлар бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбеновтің айтуынша, өңірлік палата құрылғалы кәсіпкерлерден 1000-ға жуық өтініш келіп түскен. Палата заңгерлері 6,7 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеген. Мұның бәрі бизнеске бағытталды. Мысалы, жақында Жітіқара қаласының кәсіпкеріне сот арқылы 14 млн теңге ақшасы қайтарылды. Тағы бір кәсіпкер жылына 20 млн теңгеден астам сома салықты қосымша төлеп келген. Бұл заңсыздық та палата заңгерлерінің қатысуымен реттелді. Айта кетейік, қазір бюджет қаражаты есебінен нысандарды салу кезінде жергілікті мониторингке басты назар аударылады

«Кешенді мәселелер де ретімен шешіліп келеді. 2014 жылдан бастап, кәсіпкерлер палатасының жалпы тізіліміне 41 жүйелік мәселе енгізілсе, бүгінде оның 26-сы шешімін тапты. Осы жұмыстың шеңберінде мемлекеттік қызметтерді алу кезінде құжаттарды міндетті түрде нотариалдық куәландыру талабы жойылды. Енді тиісті құжаттарды ХҚКО мамандарынан алуға болады. Құжатты рәсімдеу бойынша, аймақтағы 137 кәсіпорынның жұмысы бір жүйеге келтірілді. Дегенмен кәсіпте проблемалар да бар. Атап айтқанда, айналым қаражаты мен шикізаттың жетіспеуі, тауарды өткізу-қабылдаудағы мәселелер әлі толығымен реттелмеді. Сол үшін Қостанай облысында кәсіпкерлердің бірыңғай базасы құрылады», - деді Мұрат Әбенов.
null 

Өңірлік палата басшысы айтқандай, бизнес мүмкіндіктерін жаппай пайдалануды қамтамасыз ету үшін қалалар мен аудан орталықтарында құрылған кәсіпкерлерге қызмет көрсететін барлық орталықтардың жұмысы цифрландырылады. Бүгінде барлық бизнес субъектілерін электрондық жүйеге көшіруге аса мән беріліп отыр.

«AAtameken.Academy сертификаттау бағдарламасы осы жүйеге негізделген. Қостанай облысында бұл тұғырнамалық бағдарлама пилоттық режимде іске қосылды. Енді кәсіпкерлерге «СТ-KZ» нысанындағы ішкі айналымға шығу сертификаттарын үйден немесе кеңседен шықпай-ақ алуға болады. Барлық құжаттарға өтінішті онлайн режимінде беруге болады. Автоматтандыру бизнеске қаржылық емес қолдау көрсетуге бөлінетін бюджетті қысқартуға, қамту бөлігін ұлғайтуға, құжаттар айналымын төмендетуге, консультанттар санын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Жиында айтылғандай, облыста ҚР нормативтік-құқықтық актілеріне тиісті өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар басталды. Нәтижесінде, тауардың нарыққа шығуын сертификаттауда электрондық құжат айналымы пайдаланылады.

Бұдан өзге, бизнес үшін ашық цифрлық платформаны құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, онда басқарушылық шешімдерді қабылдауды жеңілдету және ішкі процестерді автоматтандыру үшін қажетті сервистерді орналастыру жоспарланған. Олардың ішінде кассалық және бухгалтерлік есеп жүргізу, персоналды басқару, тауарлар мен қызметтер қозғалысын бақылау, ресурстарды шығындау мониторингі, электронды құжаттар айналымы бар.

Соңғы жаңалықтар