Қостанай облысында кәсіпкердің 7 млн теңгесі қолды болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында ірі көлемде қаржы ұрлау әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдің ІІД-не сілтеме жасай отырып.

Ұрлық Әулиекөл ауданының Бағаналы ауылында болды. Қаскөй жергілікті кәсіпкердің кеңсесінен сейфті бұзып, 7 млн теңгені қолды еткен.

«20 қыркүйекке қараған түні белгісіз біреу қолына балта алып, кәсіпкердің жұмысына қарай бет алған. Ол ғимараттың құлпын балтамен бұзып ішке кірген. Одан әрі ол сейфті ашып, ол жерден бар қаржыны алып кеткен»,-деді полиция қызметкелері.

Мол қаржыға қарық болған ол үйіне қарай бет алған. Алайда жолда қаржының біразын жоғалтып алған. Тап осы шашылған ақша күдіктінің ізіне түсуге себепші болды. Күдіктіні тәртіп сақшылары ізін суытпай ұстады. 27 жастағы осы ауылдың тұрғыны уақытша оқшаулағышқа тоғытылды.

Соңғы жаңалықтар