USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қостанай облысында қарттар үйі өртеніп жатыр

2021 жылғы 6 қазан 13:03
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында қарттар үйі өртеніп жатыр

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Қарабалық ауданындағы Қарттар және мүгедектер үйінде өрт басталды. Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде өрт шыққан үйден әйел мен бала құтқарылып, 8 адам эвакуацияланды Қызылордалық полицей отқа оранған үйден газ баллонын алып шықты Атырауда жеке үй өртеніп, күйік шалған бір адам ауруханаға түсті

Қарабалық аудандық басылымының хабарлауынша, қарттар және мүгедектер үйінің тұрғындары мектеп жанындағы «Жас талап» интернатында орналастырылып жатыр.

Ал ерекше күтімге мұқтаж адамдар аудандық ауруханаға жатқызылды.

Өрт туралы таңғы 7:30-да хабар келді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде ғимараттың шатыры қатты жанып жатқан.

«Қарабалық аудандық Қарттар және мүгедектер үйінен 51 адам эвакуацияланды. Бұл – облысымыздың мүгедектігі бар 13 адам мен 38 қария», - деп баяндады облыстық ТЖД бастығы Біржан Кәрімов.

Өрттен зардап шеккендер жоқ. Оның шығу себептері әзірге белгісіз.

Өрт сөндірушілер оқиға орнында әлі жұмыс істеп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT