Қостанай облысында караоке-бар күзетшілері мониторинг тобына күш көрсеткен

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында демалыс орнының күзетшілері мониторинг тобының жұмысына кедергі келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 қаңтар күні коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық мониторинг тобы Қостанай қаласында рейд жүргізген болатын. Жұмыс барысында топ құрамындағы әкімдіктік қызметкерлері мен БАҚ өкілдеріне жергілікті караоке-бар күзетшілері күш көрсекен.

«Мониторинг тобының жұмысына кедергі келтіріп, күш қолданғандар туралы «102» нөміріне хабарлама түсті. Караоке-бар күзетшілері топ құрамында жұмыс істеген үш әйелді күшпен итеріп шығарған, ал баспасөз өкілінің ұялы телефонын тартып алды. Оқиға орнына полиция жасақтары келді. Қазіргі уақытта барлық іс-әрекеттерге құқықтық баға беріледі. Атап айтқанда, мониторинг тобы қызметкерлеріне күш қолданған екі күзетшіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Арнайы сараптама тағайындалды», делінген ведомство хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар