Қостанай облысында карантин талаптары өзгерді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы аумағында карантин шараларға өзгерістер енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері В. Нечитайло қаулысымен карантин шараларына өзгертулер енгізілді. Жаңа толықтыруларға сәйкес, аквапарктердің қызметіне тыйым салынды.

Сонымен қатар қоғамдық тамақтандыру объектілері 30 адамнан артық келушілерді қабылдамайды. Ал жұмыс режимі сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін белгіленді.

Ұжымдық іс-шаралардың өтуіне де тыйым салынды. Дәмханалар «тұтынушыға жеткізу» қағидатымен ғана жұмыс істейді.

Ашық ауадағы аттракциондардың қызметіне рұқсат беріледі. Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстар көрерменсіз өтеді. Бұл ретте жарыстар бас санитар дәрігердің келісімі бойынша күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда ұйымдастырылады.

«Облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беріледі. Жаттығуға 30 адамнан артық қатысуға рұқсат етілмейді» делінген ведомство хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар