Қостанай облысында карантин талаптары күшейтілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысы мемлекеттік бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс аумағында COVID -19 вирусы таралуының күрт өсуіне байланысты форумдар, конференциялар, семинарлар, ойын-сауық, мерекелік, естелік іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және ашық ауада да, үй ішінде де адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, жаппай корпоративтік және басқа да іс-шаралар өткізу үшін жеке үйлер мен құрылыстарды жалға алуға рұқсат берілмейді. Тек қана вакцина алған 10 адамның кездесуіне рұқсат етіледі», - делінген жаңа қаулыда.

Сонымен қатар жаңа қаулыда «Ashyq» жобасымен жұмыс істейтін нысандардың жұмысы нақтыланған.

«Көрмелердің, түнгі және ойын клубтарының жұмысына тыйым салынады. «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар Денсаулық сақтау министрлігінің № 7 сәйкес жұмыс істейді. Оның қатарында театр, мәдениет үйі, концерт залдар мен филармония бар. Діни нысындардың (мешіт, шіркеулер, собор, синагога және т.б.) қызметіне рұқсат. Бірақ, көпшіліктің қатысуынсыз», - деп бекітті облыстың бас санитар дәрігері.

Жаңа қаулыда білім беру мекемелерінің жұмысы да бекітілген.

«Бастауыш сынып оқушыларына (халықаралық мектептердегі 1-6 сыныптар) дәстүрлі түрде оқуына рұқсат. Жалпы мектепте 600 оқушыдан аз болса, дәстүрге сай оқи алады. Ал егер 600-ден көп оқушы болса, онда 50/50 (дәстүрлі, қашықтан) аралас форматта білім беруге рұқсат. Жоғары оқу орындары мен колледждерде («қызыл аймақ») аралас форматта – практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, икемді график бойынша штаттық режимдегі өндірістік практика, дәрістер – онлайн форматта. Білім беру ұйымы әкімшілігінің қалауы бойынша вакцинациялаудың толық курсын алған оқушыларды штаттық форматта оқытуға жол беріледі»- деп бекітілген.

Одан бөлек, құжатта барлық нысандарда карантин талаптары мен қауіпсіздік шарасы қатаң сақталу керектігі айтылған.


Соңғы жаңалықтар