Қостанай облысында карантин шаралары жеңілдетілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов КВИ таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Штаб отырысында облыстық полиция департаментінің бастығы, Лисаков қаласының және Қостанай ауданының әкімі қазіргі ахуал туралы ақпарат берді. Сондай-ақ өңір басшысына мониторингтік топтардың жұмысы баяндалды.

Жедел штаб әкімдер мен департамент басшыларының ұсыныстарын қарап, карантин шараларын жеңілдету туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, тамақтану объектілері дүйсенбі-сенбі күндері сағат 8-00 ден 23-00-ге дейін жұмыс істейді. СПА орталықтарының, моншалардың, сауналардың, жабық спорт ғимараттарының және фитнес-орталықтардың жұмысы жанданады. Аталмыш әлеуметтік нысандардың жұмыс режимі сағат 9-00-ден 22-00-ге дейін белгіленді. Сонымен қатар төмендегідей жеңілдету шарадары енгізілді:

1. Жабық азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын базарлардың жұмысына дүйеснбі-сенбі күндері 10-00-ден 19-00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат беру;

4. Аумағы 2000 шаршы метрден асатын сауда және ойын-сауық орталықтары, жексенбіні қоспағанда, барлық күні 10-00-ден 22-00-ге дейін жұмыс істейді;

5. Бұқаралық іс-шаралар өткізбей, толымдылығы 30%-дан аспайтын діни объектілердің жұмыс істеуіне рұқсат беру;

6. Жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 06-00-ден 23-00-ге дейін қалалық қоғамдық көліктердің жұмысына рұқсат беру.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыс тұрғындарын КВИ таралуына жол бермеу бойынша барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауды сұрады. Егер тұрғындар сақтық шараларына салғырт қараса, қайтадан қатаң карантин енгізілуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар