Қостанай облысында карантин режимі күшейтілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысымен 1 шілдеден бастап, карантин режимі күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Владимир Нечитайлоның қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап оқу факультативтерінің, білім беру орталықтарының, үйірмелердің жұмысы тоқтатылады. Сондай-ақ отбасылық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға 3 адамнан артық жиналуға болмайды. Ал, отбасы мүшелеріне 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтап баруларына болады.

«Тұрғындарға көшеде бетперде кию ұсынылады, бұл ретте дүкендерде, дәріханаларда, денсаулық сақтау ұйымдарында, қоғамдық көлікте, кеңселерде, кәсіпорындарда және меншіктің барлық нысанындағы басқа да объектілер, адамдар көп жиналатын орындарға бетперде кию міндеттеледі. Облыстың елді мекендері арасында саяжай учаскелеріне бару үшін елді мекенге кіруге / кетуге рұқсат етілген. Жеке, қызметтік, қоғамдық қалааралық автокөлікті және таксиді шектеусіз, міндетті түрде маскаларды алып жүруге және такси жүргізушілерінің тері антисептиктерін, қоғамдық көлікті пайдалануға рұқсат етілген. Респираторлық инфекцияның алғашқы симптомдары (мұрын бітелу, жөтел, температура және т. б.) пайда болған кезде медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық жәрдемді 103 нөмірі бойынша үйге шақыру арқылы дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Үй карантиніндегілер «SmartQOSTANAI» мобильді қосымшасы арқылы «мен үй карантиніндемін» функциясын қосуы тиіс. Кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдар меншік нысанына қарамастан № 43 БМСДҚ қосымшасына сәйкес, карантиндік және шектеу іс-шараларын қатаң сақтауы тиіс, жұмысына рұқсат етілген объектілер күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимге көшеді», делінген Қостанай облысының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысында.

Сонымен қатар ХҚКО-лар онлайн режимінде қызмет көрсетуге көшті. Жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін. Сұлулық салондарының, шаштараздардың, барбершоптардың жұмысы да 10:00-ден 18:00-ге дейін тек алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі. «Тобыл» футбол клубы қатысатын ҚР Чемпионатының өткізілуіне рұқсат етілген. Спорттық-бұқаралық шаралардың басқасына уақытша тыйым салынды.


Соңғы жаңалықтар