Қостанай облысында қар жауып, боран соғып тұр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының кей аудандарында боран соғып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғындар кенеттен жауған қардың суреттері мен бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде жарыса бөлісіп жатыр. Расымен де, табиғаттың тосын мінезі жұртты абдыратып тастады.

«Кеше ғана күн ашық еді. Түс әлетінде жел күрт күшейіп, бұрқасын соқты. Айналасы жарты сағатта айналаны қар басты. Қазір борандатып тұр», - дейді Диас Қайыркен есімді жергілікті азамат.

Қазгидромет орталығының Қостанай облысындағы филиалы облыстың кей аумағында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болатынын ескертеді. Сынап бағанасы бүгін түнде -7 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Ал Қостанай қаласында түнде -3...-5, күндіз +5...+7 градус болады.

Соңғы жаңалықтар