Қостанай облысында қант таратудың қылмыстық схемасы ашылды
2022 жылғы 11 тамыз 09:02

Қостанай облысында қант таратудың қылмыстық схемасы ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өңірдегі бағаны тұрақтандыруға арналған қантты бөлудің қылмыстық схемасын әшкереледі, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік пен «Тобыл ӘКК» АҚ қызметкерлері қант тапшылығын пайдалана отырып, оны облыстың тұрақтандыру қорынан 420 тг/кг жеңілдік құны бойынша кезектен тыс және нормадан тыс кәсіпкерлерге берген.

Бұл үшін кәсіпкерлер әкімдік пен ӘКК қызметкерлеріне сыйақы ретінде 100-ден 500 кг-ға дейін қантты үлестірген.

Бұдан әрі, таңдалған кәсіпкерлер пайда көру мақсатында халыққа қантты 10%-дың орнына 100% үстеме бағамен сатқан.

Тұрақтандыру қорының қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексеру барысында 900 кг қант табылып, тәркіленді. Алынған қант тұрақтандыру қорына қайтарылды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Өңірлерде әлеуметтік маңызы бар проблемалар бойынша жұмыстар жалғасуда.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT