Қостанай облысында кәмелетке толмағандар қылмысы өршіп тұр
Жыл қорытындыларына орай, кәмелетке толмағандарға қатысты 91 қылмыстық іс қаралған, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 59 еді.
«2017 жылы ұрлық-қарақшылық фактілері көбейіп отыр. Жасалған қылмыстардың 17-сі қарақшылық, 14-і ұрлық фактісі ретінде тіркелді. Бір айта кетерлігі, жасөспірімдер қылмысты адамдардың көз алдында, орталық көшелерде жасауды әдетке айналдырған», - дейді Шармұхаметова.
Мәселен, қылмыстардың бірі Қостанай қаласындағы Чехов көшесінде, полиция бекетіне жақын жерде болған. Кәмелетке толмағандар жөніндегі сот төрағасының айтуынша, тонау жасөспірімдер арасында «модаға» / үрдіске айналған. Олар адамдарға тобімен төніп келіп, телефонын тартып алып жүр.
«Жасөспірімдер қылмысы әсіресе жаз айларында белең алады. Жаңа жылға дейін демалыс кезінде жасөспірімдер немен айналысқанын бақыладық. Ол жайлы ақпаратты ІІД-не жібердік», - деді ол.