Қостанай облысында қабір басындағы тастарды қиратып кеткен

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 11 сынып оқушылары зират басындағы тастарды қиратып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінде мәлім етілгендей, Ашутасты ауылында зират басына келіп, тастар мен ағаш крестерді қиратқандарға қатысты ҚР ҚК-нің 314-бабының 2-бөлігіне («Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау») сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Жедел іздестіру шаралары барысында қабір тастарын қиратып кеткен Арқалық қаласындағы орта мектептің 11 жасар екі оқушысы екені анықталды. Олар кінәларын мойындады», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Айта кетейік, зираттағы қирап жатқан тастарды көрген ауыл адамдары тәртіп сақшыларына хабар берген. Қазір бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Тергеу нәтижесінен соң келтірілген шығын мөлшері толығымен өтелетін болады.

Фото:Alau.kz

Соңғы жаңалықтар