Қостанай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Әулиекөл ауданының із-түзсіз жоғалып кеткен үш тұрғынының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік Пд баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Үш адамның денесі табылды. Олардың денесінен зорлық-зомбылық ізі байқалмайды. Жасалған сараптама нәтижесі олардың суықтан үсіп қайтыс болғанын көрсетіп отыр» делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Бұған дейін аудандық полиция бөліміне Аманқарағай ауылының 46 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол 2020 жылдың 20 қарашасында үйден шығып, сол күйі хабарсыз кеткен күйеуі — 49 жастағы Луковенко Сергей Леонтьевичке іздеу салған. Оның денесін 2021 жылғы 19 сәуір күні жергілікті тұрғын тауып алған.

Сондай-ақ, 19 ақпан күні Диевка ауылының 35 жастағы тұрғыны Феоктистов Юрий Николаевич жоғалып кеткен. Оны да әйелі іздеп, полицияға хабарласқан. Марқұмның денесін 19 сәуір күні жергілікті кәсіпорынның жұмысшысы тауып алды.

Сондай-ақ, 19 сәуір күні полиция қызметкерлері жүргізген іздеу жұмыстарының нәтижесінде Құсмұрын ауылының маңынан Мифтахова Валентина Антоновнаның денесі табылды. Ол биыл 6 наурызда үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Автор: Жанна Мусабаева



Соңғы жаңалықтар