Қостанай облысында ішімдік сатуға тыйым салынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында алкогольдік өнімдерді сатуға тыйым салынды. Мұндай бұйрыққа Қостанай облысының коменданты Қайрат Дүйсембеков қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ТЖ режимін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы №137 «Төтенше жағдай туралы» Заңының 1-бабы 2-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №743 «Қостанай облысында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығының 4-тармағы 7-тармақшасына сәйкес, Қостанай облысының аумағында алкоголь өнімін барлық сауда орындарында және ойын-сауық орындарында сағат 7.00-ден 2022 жылдың 19 қаңтары сағат 00.00-ге дейін сатуға тыйым салынды», - делінген құжатта.

Осы бұйрықтың орындалуын Қостанай облысындағы қала және аудан әкімдері бақылайды.

Еске салайық, Қостанай облысында ТЖ режимі енгізілген болатын.

Полиция департаментінің мәліметінше, өңірде қоғамдық тәртіп қалпына келтірілген.


Соңғы жаңалықтар