Қостанай облысында ірі көлемдегі есірткі тәркіленді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат -  Қостанай облысының есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 48 жастағы рудныйлықтан ірі көлемдегі есірткі тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдікті ер адам 28 қыркүйек күні Федоров ауданына қарасты Қоржынкөл ауылына келген кезде ұсталған. Ауладағы құрылыс материалдарының арасынан шамамен 4 келі марихуана және 190 грамм гашиш табылды. Сонымен қатар, күдікті қорасынан оқ-дәрі салынған екі қорап жасырған. Бұған қоса ол қорасында тағы да көп мөлшерде есірткі заттарын сақтаған. 

«Күдіктінің тұрғылықты жеріндегі із кесу шарасы барысында салмағы 5 290 грамм марихуана және 200 грамм гашиш табылды. Аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған азаматқа қатысты ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері полицейлер «Көкнар-2017» есірткінің контрабандалық арнасын жою операциясы кезінде 1 351 келі есірткі тәркілеген. 

Соңғы жаңалықтар