Қостанай облысында ірі көлемде есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық тәртіп сақшылары облыс аумағында есірткі таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция бастығы Бекет Аймағамбетовтің айтуынша, бұл іс сотқа жеткен. Осы дерек бойынша 200 жедел-із кесу шаралары жүргізілген. Алты күдіктіге қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Олар есірткіні заңсыз өткізгені, қылмыстық әрекетті жария еткені және қылмыстық топты құрғаны үшін жауапқа тартылады.

«Қостанай облысы аумағында алты адамнан тұратын топ есірткіні сату және жеткізуді ұйымдастырған. Есірткі заттарын Рудный қаласы мен Федоров ауданында таратқан. Тергеу барысында осы топтың қылмыстық әрекеті дәлелденді. Тергеу мәліметтері бойынша осы уақыт ішінде қылмыскерлер 5 келіден астам героин сатқан. Күдіктілер Рудный қаласы мен Федоров ауданында ұсталды»,- деді Б. Аймағамбетов.

Қазіргі уақытта істі Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайды.


Соңғы жаңалықтар