Қостанай облысында ірі қарадан бруцеллез табылған ауыл карантинге жабылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Әулиекөл ауданына қарасты Диев ауылында ірі қара малдан бруцеллез анықталып, елді мекен аумағында шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ірі қара малдан бруцеллез ауруының табылуына байланысты Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Диев ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін. Әулиекөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына анықталған эпизоотия ошағын жою үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын», - делінген Ашық НҚА поратында жарияланған аудан әкімдігінің шешім құжатында.

Қоса кетсек, жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 5 030 бас ірі қара мен 788 бас ұсақ малдан бруцеллез анықталды.

Сондай-ақ, Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы екі ауылда ұсақ мал бруцеллезге шалдығып, елді мекенге шектеу енгізілген еді.


Соңғы жаңалықтар