Қостанай облысында ірі қара малдан қауіпті ауру табылған жоқ

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында нодулярлы дерматит ауруының алдын алу мақсатында 26 800 ірі қара малға вакцина егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақында облыстық ветеринариялық қызмет мамандары Қостанай облысының Амангелді ауданында нодулярлы дерматит ауруы бойынша тексеру жүргізді. Нәтижесінде, ірі қара малдың арасынан қауіпті ауруға шалдыққандар тіркелмеді.

«Ірі қара малдың арасында нодулярлы дерматит ауруын болдырмау мақсатында Қостанай облысының ветеринариялық қызметі осы жылдың 26-27 шілде аралығында эпизоотологиялық тексеру жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша жануарлар арасында аса қауіпті аурулар, соның ішінде ірі қара малдың нодулярлы дерматиті анықталған жоқ. «Амангелді арайы» аудандық газетінде мал ұстау ережесі және осы аурудың клиникалық белгілері және алдын алу шаралары туралы мақала жарияланды», - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында

Айта кетейік, ҚР аумағында ірі қара малдың нодулярлы дерматит ауруына қарсы Кенияда өндірілген НИТЛИНГ вирусының типіне негізделіп жасалған «Lumpi Vax» вакцинасы қолданылады.

Соңғы жаңалықтар