Қостанай облысында ипотекалық заем беру көлемі арта түсті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында ипотекалық заем беру көлемі бір жылда екі есе артқан. Бұл туралы Ұлттық банктің Қостанай филиалының директоры Жомарт Қажырахимов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық банк филиалының берген мәліметіне қарағанда, 2017 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда, ипотека заемдарының саны 27% өсіп, 35 млрд теңгеге жеткен. Жаңа несиелердің берілуі 1,8 есе артқан.

«2004-2009 жылдары заем алғандардың баспанасын сақтау және қолдау көрсетуге бағытталған ипотека заемдарын қайта қаржыландыру бағдарламасын жалғастырып жатырмыз. Қостанай облысында жалпы сомасы 2,4 млрд теңге болатын 624 өтініш мақұлданып, ал 2,3 млрд теңгені құрайтын 608 өтінішке қайта қаржы бөлінді», - деп мәлімдеді Ж. Қажырахимов.
null

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, жеке тұлғаларға 2015 жылғы 18 тамызына дейінгі 188,35 теңгелік бағам бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін берілген валюталық ипотека заемдарын теңгемен қайта қаржыландыруды көздейтін бағдарламаға түзетулер енгізілген.

2018 жылғы 1 шілдеде банктер республика бойынша сомасы 5 млрд теңге болатын 802 өтініш мақұлданып, соның 462-сін қайта қаржыландыру үшін 2,3 млрд теңге бөлінген. Қостанай облысында 121 млн теңге болатын 37 өтініш мақұлданып, 68 миллион теңгенің 21 өтініші қайта қаржыландырылған.

Филиал басшысының сөзіне қарағанда, өңірде ипотека нарығының даму қарқыны арта түскен. Бұл «7-20-25» бағдарламасының іске қосылуымен байланысты.

«Баспана» АҚ арнайы ипотека компаниясы екінші деңгейлі 7 банкпен келісім жасасты. Біздің өңірде ЦентрКредит банкі, АТФБанк және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жұмысын бастады. ЦентрКредит банкі басқаларға қарағанда белсенділік танытуда. 26 шілдеге дейін банкке жалпы сомасы 145 млн болатын 22 өтініш келіп түсті, соның ішінде 73 млн теңгенің 11 өтініші мақұлданып, 74 миллион сомада 9 заем берілді», - деді ол. 

Соңғы жаңалықтар