Қостанай облысында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай полицейлері халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы ер адамды ұстады. Аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін қылмыскер бір жылдан астам уақыт тәртіп сақшыларынан қашып жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылдың 1 шілдесінде Арқалық полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынды өлтірген 31 жастағы ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Алайда, қылмыскер сол уақыттан бастап жасырынып жүрген.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында Арқалық қаласы криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері кісі өлтірген қылмыскерді ұстады. Қазіргі уақытта ол Арқалық АІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деп түсіндірді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Криминалдық полиция басқармасының бастығы Мейрам Базарбаевтың айтуынша, жыл басынан бері облыс аумағында 37 қылмыскер ұсталды.

Соңғы жаңалықтар