Қостанай облысында газ баллоны жарылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қарасу ауданының Амангелді елді мекенінде газ пеші жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқиға екіпәтерлі жеке тұрғын үй секторында болған.

«Дәлізде тұрған газ плитасында газ-ауа қоспасы жарылған. Салдарынан 1986 жылы туған үй иесінің қызы термикалық күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.Алдын ала болжам бойынша, газ баллонының редукторынан газ шыққан», - делінген ведомствоның ақпаратында.

Оқиға куәгерлері жергілікті амбулатория фельдшерін көмекке шақырған. Ол зардап шегушіге алғашқы медициналық жәрдем көрсетті.

Соңғы жаңалықтар