+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қостанай облысында есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды

2021 жылғы 14 маусым 12:50
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысында есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тимур Мұратов: Вакцина паспортын қолдан жасату реанимацияға билет сатып алумен тең Ақша ұсақтап беріңізші - теміртаулық сатушыларды ескі тәсілмен алдаған Түркістан облысында қайын әпкесі келінінің бетін күйдіріп тастаған

«Рудный қалалық полиция басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында психотроптық заттарды дайындайтын наркологиялық зертхана қызметіне тосқауыл қойды. Қостанай қаласының 55 жастағы тұрғыны автокөлік гараждары аумағынан бір гаражды қылмыстық мақсаттарын жүзеге асыру үшін жалға алған. Зертханаға айналған гаражды тінту барысында жедел уәкілдер жалпы салмағы 308 грамм «мефедрон» психотроптық заты бар 446 zip–пакет тәркіледі. Гараждан кофе тартқыштар, электронды таразылар, этил спирті, есірткіні орауға арналған электрлік таспалар сынды бүкіл арсенал алынды», - деді ол.

Реми өкілдің айтуынша, аталған факт ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

«Бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған күдікті енді мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін»,- деді Нұрділдә Ораз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT