+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Қостанай облысында есірткі дилерлерінің қылмыстық тобы ұсталды - ІІМ

2019 жылғы 17 шілде 17:31
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында есірткі дилерлерінің қылмыстық тобы ұсталды - ІІМ

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ІІМ қызметкерлері және Қостанай облысының полицейлері ұзақ уақыт ізіне түсіп, есірткі өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда есірткіні жарнамалаған баннердің қалай пайда болғанын әкімдік түсіндіріп берді Алматы тұрғындары Еуропадан пошта арқылы есірткі алдырып, сатып келген - ҰҚК СҚО-да синтетикалық есірткілерді өндіретін зертхана жойылды

Қылмыскерлерді құрықтау жергілікті полиция департаментінің арнайы мақсаттағы жасағы қатыстырыла отырып Рудный қаласы мен Федоров ауданының аумағында жүргізілді.

«10 адамнан тұратын тұрақты қылмыстық топта ұйымдастырушы, курьер, өткізуші, жеткізушілердің рөлдері нақты белгіленген. Қазіргі уақытта топтың 6 мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды, 4-уіне қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды», делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері ұстау және тінту іс-шаралары барысында 400 грамм героин, 3,55 млн теңге, 6,4 мың доллар, алтын бұйымдар және 5 көлік тәркіленді.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша (аса ірі көлемде есірткіні өткізу), сондай-ақ ҚР ҚК-нің 262-бабының 1-бөлігі бойынша (қылмыстық топ құру және басқару) және ҚР ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі бойынша (ҰҚТ қатысу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қолданыстағы заңда аталған қылмыстар үшін мүлкін тәркілей отырып, 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT