Қостанай облысында ер адам суға кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 24 жастағы жігіт судан ер адамның денесін шығарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«17 шілде күні сағат 01:30-да Меңдіқара ауданында 1994 жылы туған азамат Буденов ауылынан екі шақырым жерде, Тобыл өзенінен 1979 жылы туған ер адамның денесін шығарып алған», - деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.

Департамент өкілдерінің айтуынша, ер адам шомылуға болмайтын жерде суға түсіп, батып кеткен.

Соңғы жаңалықтар