Қостанай облысында «Электронды колледж» жобасы енгізіледі

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Былтыр Қостанай облысының мемлекеттік мекемелері 3 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Олардың дені электронды форматта іске асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылы Қостанай облысының мемлекеттік мекемелері 3 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 66,3%-ке артық. Оның ішінде 2,2 млн мемқызмет электронды форматта іске асырылды.

«Құжаттардың дені электронды форматқа көшірілді. Өңірлерде жүргізілген ақпараттық-насихат жұмыстарының нәтижесінде тұрғындар мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алып келді. Осы жылы 8 мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру жоспарланған. Айта кетерлігі, 2018 жылы облыстың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу бойынша 72 фактіге жол берген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,5 есе аз», - деді департамент басшысының орынбасары Асхат Ескендіров.

Өткен жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жергілікті бюджет есебінен білім беру және денсаулық сақтау саласында 6 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Енді мұның жалғасы ретінде құрылыс, сәулет және жер қатынастары саласында «Электронды мектеп» және «Электронды колледж» ақпараттық жүйелері енгізіледі.

Мамандар атап өткендей, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.

Соңғы жаңалықтар