Қостанай облысында электр қуатының бағасы қымбаттайды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында ақпан айынан бастап электр энергиясының тарифі көтерілуі мүмкін. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық департаменті ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандардың сөзінше, тариф құны жанар-жағармай мен электр қондырғыларының қымбаттауы салдарынан өседі. Нәтижесінде «Қостанай энерго орталығы» серіктестігі облыстық Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне электр қуатының бағасын өсіру жөнінде тапсырыс берген.

«2019 жылдың соңында «Қостанай энерго орталығы» серіктестігінен жарық бағасын өсіру туралы 155 өтінім келіп түсті. Орталық басшылығы ҚР Энергетика министрлігіне электр энергиясы тарифін 7,5% көтеру туралы өтінім жазған. Монополистер бұл өтінімнің негізінде сараптама жүргізді. Сараптама нәтижесіне сәйкес, электр энергиясының тиімді бағасы қосылған құн салығынсыз 7,2 пайызға өсіп, 18,92 теңгеге дейін төмендетілді. Сонда жеке тұлғалар үшін электр энергиясының бағасы 7 тиынға ғана өсіп отыр. Ал, заңды тұлғалар жарық үшін 23,3 теңге төлейтін болады», - дейді Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық департаментінің басшысы Ақан Ташпанов.

Өткен жылдың соңында заңды тұлғалар үшін электр энергиясының бағасы 23 теңге 81 тиын болған.


Соңғы жаңалықтар