Қостанай облысында электр энергиясының тарифі өсуі мүмкін

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында электр энергиясы бағаларын өсіру бойынша көпшілік жиын өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің сайтында хабарланды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Электр энергиясы бағаларын өсіру «Севказэнерго» АҚ-ның электр энергиясын сатып алуға жұмсайтын шығындардың артуымен, сондай-ақ электр энергиясын желілер бойынша жіберу және үлестіру тарифінің өсуімен байланысты. Осыған байланысты, «Қостанай Энергия Орталығы» ЖШС Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қостанай облысы бойынша департаментіне 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясының шекті бағасын алдағы өсіру туралы хабарландыруын жіберді», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қостанай облысы бойынша департаменті 2021 жылдың 14 желтоқсан күнгі сағат 15:00-де қоғамдық маңызы бар субъект «Қостанай Энергия Орталығы» ЖШС-нің электр энергиясын (электрмен жабдықтау) бөлшек саудалау қызметінің шекті бағалары жобасын қарастыруды жоспарлап отыр.

Көпшілік тыңдауға мәжіліс депутаттары, жергілікті өзін өзі басқару органдары, мемлекеттік орган, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылар және мүдде танытқан басқа да тұлғалар шақырылады.


Соңғы жаңалықтар