+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қостанай облысында екі жатақхана салынып жатыр

2020 жылғы 7 тамыз 14:19
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында екі жатақхана салынып жатыр

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында студенттерге арналған екі жатақхананың құрылысы басталды. Бұл туралы Архимед Мұхамбетов өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада «Сыр Ана» монументі қайта жаңғыртылды ШҚО-да «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 6 көпқабатты үй бой көтереді Қызылордада қалалық денсаулық және демалыс саябағы ашылды

Қостанай облысында жалпы контингенті 22 мыңнан астам студентті қамтитын 34 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жаңа оқу жылын қашықтан бастайды. Барлық колледждерде тиісті жағдайлар жасалған.

«Бүгінде облыста 25 мемлекеттік білім беру басқармасы, 2 денсаулық сақтау басқармасы және 7 жеке меншікке қарайтын оқу орны жаңа оқу жылына дайын. Осы жылы колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша 5203 студентті қабылдау күтілуде. 0ның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 950 студент алынады. Қабылдау ағымдағы жылдың 27 тамызына дейін жалғасады», - деп атап өтті аймақ әкімі.

Архимед Мұхамбетов айтқандай, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде Қостанай қаласында екі жатақхананың құрылысы басталды.

«Жыл соңына дейін 700 млн теңге сомасына 250 орындық Қостанай жоғары медициналық колледжі салынады. Осы мерзімде 1,5 млрд теңгеге 500 орындық Қостанай автомобиль көлігі колледжі пайдалануға беріледі. Бірақ, құрылыс толығымен 2021 жылы аяқталады. Негізі қазір облыста 25 жатақхана жұмыс істейді. 1300 студент жатақханаға мұқтаж. Бұл мәселені біртіндеп шешеміз», - дейді әкім.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT