+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Қостанай облысында екі шағын аудан бой көтереді

2019 жылғы 1 қараша 12:11
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында екі шағын аудан бой көтереді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқапрат – Алдағы үш жылда Қостанай ауданындағы Затобол және Мичурин ауылында «Бәйтерек» және «Астана» деп аталатын жаңа шағын аудандар пайда болады. Бұл туралы Қостанай ауданының әкімі Виктор Радченко журналистермен болған баспасөз брифингінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шағын аудандардың құрылысы келер жылы басталады. Белгіленген жоспарға сай, бұл аумақтарда 45 тұрғын үй пайдалануға берілмек.

«Қостанай ауданында жалдамалы баспана алу кезегінде 2 мың адам тұр. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін жақсартуда жоспар ауқымды. 2016-2018 жылдар аралағында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Солтүстік» шағын ауданында 11 көп пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. 339 отбасы қоныс тойын тойлады. Мемлекеттік бағдарламамен салынған жаға тұрғын үйлерде сатылмаған тағы 75 пәтер бар.2020 жылы Мичурин және Затобол кентінде «Бәйтерек», «Астана» деп аталатын жаңа ықшам аудандар құрылады. Құрылыс жұмыстары 3 жылға жоспарланған. Мұнда 45 тұрғын үй бой көтереді. Жаңа баспаналардың барлығы 9 қабатты болады», - дейді аудан әкімі.

Аудан басшысы жеке тұрғын үй құрылысы бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтті. «Солтүстік» ықшам ауданында 279 жер телімі игеріліп, баспаналар салынған.

Тағы бір айта кетерлігі, 2023 жылы Затобол ауылында «Нұр Әлем» жаңа ықшам ауданының құрылысы басталады. Онда 5 қабатты 24 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оған аудан әкімдігі қосымша 550 жер учаскесін бөлмек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қостанай облысы, Құрылыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT