Қостанай облысында екі балықшы көлге батып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай олысының Аққабақ көлінен екі балықшының денесі шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Уәлихан Досановқа сілтеме жасап.

Оқиға Қостанай ауданы Жданов ауылдық округі Аққабақ ауылынан 2 шақырым жерде орналасқан Аққабақ көлінде болған. ТЖД кезекші бөліміне балықшылардың қаурасыз қалдырылған заттары туралы хабарлама келіп түскен.

Қостанай облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына шықты. Іздеу жұмыстары барысында 1952 және 1942 жылы туған екі ер адамның денесі көл жағасынан 150 метр қашықтықта табылып, судан шығарылды.

«Бұл азаматтар мұздың жұқа екеніне қарамастан қауіпсіздікті елемей, балық аулау жөнінде шешім қабылдаған. Осыған байланысты балық аулаушыларға жұқа мұздың қауіпті екенін ескертеміз», - дейді У.Досанов.

Облыстық ТЖД балықшыларға мұз үстінде қарапайым ережелерді сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар