Қостанай облысында екі адам ыстан уланды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Затобольск ауылында екі ер адам ыстан уланып, қаза болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ақпаратты Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға «Мелиоратор» саяжай қоғамында түс кезінде болды.

«Саяжай үйінде қолдан жылытылатын пеш пайдаланылған. 1969 және 1948 жылдары дүниеге келген екі адам ыстан уланып, көз жұмды . Сондай-ақ, 1980 жылы туған әйел ауруханаға жеткізілді», - дейді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Департаменттің мәліметінше, осы факт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр .

Соңғы жаңалықтар