Қостанай облысында дәрігерлер жеткіліксіз

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы ауруханаларында дәрігерлер тапшылығы мен озық қондырғылардың жетіспеуі байқалады. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен өткен кеңейтілген жиында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта облыста медицина саласы бойынша 318 бос орын бар. Әсіресе, акушер-гинеколог, педиатрлар, неонатолог, реаниматолог және анестезиолог мамандар жетіспейді.

Облыс қалалары мен аудандарында өткен бос орындар жәрмеңкесінде 128 жас маманмен келісім-шарт жасалды.  

«Өңір дәрігерлерінің 35%-ы - зейнет жасындағылар. Дәрігерлердің орта жасы - 45-50. Сондықтан аймаққа ақ халаттыларды тарту мәселесіне ден қойдық», - деді денсаулық сақтау басқармасы басшысы Еркін Дүтбаев.

Баяндамашының мәліметіне сенсек, жыл аяғына дейін 170 жас маман келеді, ал 2018 жылы тағы 150 маман қосылады.

Архимед Мұхамбетов ана мен бала өлімі бойынша аймақтағы ахуалды қатаң қадағалауға алу керектігін қатаң тапсырды. Ауруханалар мен емханаларды  соңғы үлгідегі озық технологиялармен жабдықтау үшін облыс бюджетінен 2018 жылы 200 млн. теңге бағытталмақ.

Соңғы жаңалықтар