+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қостанай облысында бюджет қаражатын жымқырған білім мекемелерінің басшылары сотталды

2020 жылғы 27 мамыр 17:05
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында бюджет қаражатын жымқырған білім мекемелерінің басшылары сотталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында білім саласында жемқорлыққа жол берген екі лауазымды тұлға қылмыстық жауапқа тартылды. Бұл туралы бүгін Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
AntikorLive: Кәсіпкерлерді қолдаудың дағдарысқа қарсы бағдарламасы жасалуда Қостанай әкімі Қайрат Ахметов отставкаға кетуі мүмкін «Астана АЭК» лауазымды тұлғалары тергеуге алынды

Сессия барысында Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Дмитрий Костюковтың баяндамасы тыңдалды. Ол облыстық бюджеттің орындалу сапасы, аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелеріне тоқталды.

«Бюджетті жүзеге асыруда 435,8 млн.теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 21,2 млн теңге облыстық ұйымдар бойынша есепке алынды. Бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде 833,4 млн теңге ретсіз немесе заңсыз жұмсалған. 1315 құжатты рәсімдеу кезінде тәртіп бұзылған. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын объектілер бойынша 32 заңбұзушылық тіркелді»,- деді Дмитрий Костюков.

Дмитрий Костюковтың айтуынша, қаржылық талаптардың бұзылуына қатысты 10 материал құқық қорғау органдарына жіберілді. Оның ішінде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 2 аудит нысаны бар.

«Екі лауазымды тұлға әр түрлі мерзімге қылмыстық жауапқа тартылды. Олар 4,7 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлағаны және ысырап еткені үшін сотталды. Атап айтқанда «Қамысты ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы 1,1 млн теңгені жымқырса, Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Бөбек» балабақшасы 3,6 млн теңгені ысырап еткен. Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша тексеру комиссиясы және уәкілетті органдар заңбұзушылықтарға жол берген тұлғаларға қатысты 170 хаттама толтырды», - деді Тексеру комиссиясының төрағасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT