Қостанай облысында бұрқасын салдарынан жолдар жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында бұрқасын мен көктайғақ салдарынан бірнеше күре жолда қозғалыс жабылды.

«Сағат 12:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығынан (бұрқасын, көктайғақ) «Екатеринбор-Алматы» (544-347 шақырымдар), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (104-232 шақырымдар), «Жезқазған-Петропавл» (377-252 шақырымдар) күре жолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ бойынша комитетінен.

Еске сала кетейік, бұған дейін сағат 07:40-та облыста көліктің барлық түрлерінің қозғалысына барлық бағыттар бойынша шектеу енгізілген.

Соңғы жаңалықтар