Қостанай облысында бұрқасын салдарынан көлік қозғалысы жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қаңтар күні Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығы - бұрқасын, жолдың нашар көрінуі салдарынан бірнеше учаскеде автомобиль қозғалысы жабылды.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар бойынша комитетінен хабарланды.

«Жезқазған-Петропавл» (377-252 шақырымдары), «Арқалық-Торғай» (0-288 шақырымдары), «Әулиекөл-Жалдама» (54-257 шақырымдары) көлік жолдарының учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар