Қостанай облысында браконьерлермен күресетін 8 мобильді топ құрылды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында браконьерлермен күрес күшейтіліп, мобильді топ құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай өңірінде заңсыз аң аулаушылар азаймай тұр. Осыған байланысты облыс көлемінде кезекті рет «Киік» операциясы өтті. Нәтижесінде 136 заң бұзушы анықталып, тіркеуге алынды.

«Қостанай облысында браконьерлермен күрес үшін Табиғатты қорғау облыстық аумақтық инспекциясы мен облыстық полиция департаменті 8 мобильді топ құрды. Олардың төртеуі облыс периметрінде емін-еркін рейд атқарады. Қазірге дейін 7 рейд шарасы өткізілді. Заң бұзған браконьерлерге 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды» делінген баспасөз хабарламасында.

Қостанай облысында киік саны артып, 111 мыңға жеткен. Жылдық өсім 50 проценттік деңгейде қалып отыр. Киіктерді аулауға 2023 жылға дейін заң жүзінде шектеу қойылды.


Соңғы жаңалықтар