Қостанай облысында бір мезетте 3 көлік соқтығысты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай ауданында үш көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, «102» нөміріне Қостанай ауданының Арман ауылында үш автокөліктің соқтығысқаны туралы хабар түскен.

«Жол жиегінде дабыл белгісі қосылған «КамАЗ» көлігі тоқтап тұрған. Сәлден соң жүк көлігіне Қостанай қаласына бағыт алған Suzuki маркалы автокөлігі соғылады. Қашықтықты сақтай алмаған Toyota Alphard Suzuki-ге соқтығысқан. Үш автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендер жоқ», - дейді полицияның баспасөз қызметі маманы Кенже Қонысбай.

Сот шешімін шығару үшін тәртіп сақшылары әкімшілік материал жинады.


Соңғы жаңалықтар