Қостанай облысында бір адам ыстан уланды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Әулиекөл ауданында 2004 жылы туған оқушы ыстан уланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖ туралы хабарлама Әулиекөл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі аға инженерінен келіп түсті.

«Сағат 05:05-те ауданнан 60 шақырым жерде орналасқан Новонежинский ауылдық округінде 2004 жылы туған қыз ыс тиіп уланды. Үйдің пешпен жылытылатыны анықталды» делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Уланған қыз ауруханаға жеткізілді, жағдайы орташа. Нақты диагнозы анықталуда.

Соңғы жаңалықтар