Қостанай облысында басталған өрт Ресей шекарасына дейін жетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы мен Ресей Федерациясының шекарасында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарабалық ауданының Талды ауылынан 10 шақырым жерде құрғақ шөп өртенген. Қызыл жалын жақын маңдағы қайың мен көктерек шоғырын шарпыған.

«Өрт Михайловка орман шаруашылығы мекемесінің аумағында басталған. 250 гектар алқапты шарпыған өртке қауіптің 5 деңгейі берілді. Өрт РФ Челябі облысының шекаралық аумағына өтіп кеткен. Бірақ, халық тұратын елді мекендерге қауіп төнген», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Өрт сөндіру жұмыстары 1 тамызда басталып, 7 тамызда толығымен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар